Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
485.04
-2.20
525.98
-3.36
¥
68.29
-0.13
5.04
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Шығыс Салбұрыны-2024": Фестивальға биыл 5 елдің бүркітшілері келеді

Халықаралық фестиваль аясында шығысқа 4-5 мыңға жуық тірист келеді деген болжам бар

Усть-Каменогорск и ВКО / "Шығыс Салбұрыны-2024": Фестивальға биыл 5 елдің бүркітшілері келеді
Фото:
Устинка LIVE

Жарыстар 11-12 қазан күндері өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлан ауданы Бозанбай ауылының маңындағы Бүркіт төбеде дәстүрлі "Шығыс салбұрыны" халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді. Қазақстан мен шетелден, атап айтқанда, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Венгриядан қатысушылар шақырылып отыр. Барлығы 80 бүркіт, 30 сұңқар және 30 тазы жарысқа түседі деп күтілуде.

Фестиваль Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың және "Республикалық Құсбегілік федерациясы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Шараның басты мақсаты – ұлттық спорт арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануды қолдау, сонымен қатар құсбегілік ұлттық спорт түрін және тазы жүгірту, асау үйрету өнерін кеңінен тарату болмақ, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Фестиваль қонақтары туризм және спорт министрлігі құсбегіліктен мемлекеттік жаттықтырушы Базарбек Күнтуған және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Республикалық "Құсбегілік" федерациясы Қоғамдық қорының вице-президенті Мүптекеқызы Бағдатхан аталған сайысқа өзі бас төреші болады, сонымен қатар бүкіл әлемге танымал бүркітші қыз жерлесіміз Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады.

Биыл Қазақстан мен шет мемлекеттерден 5 мыңға жуық турист келеді деп жоспарлануда.

Фестиваль аясында екі күн бойы бүркітшілердің құстарды жемге, еркін және иесінің шақыруымен ұшыру сайыстары, жасанды қармақпен (шырға) қоян және түлкі аулау жарыстары өтеді. Сонымен қатар, жамбы ату, теңге ілу, тазы иттерінің жарысы және жабайы жылқыларды үйрету сынды ұлттық спорттық жарыстар өткізіледі.

20-дан астам киіз үйде қазақ халқының дәстүрлі көрмелері ұйымдастырылып, қонақтар сырмақ жасау, кесте тігу, ұлттық тағам дайындау бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Сондай-ақ, былтырғыдай халық тоңбауы үшін, Бүркіттөбеге Астанадағы Халықаралық көшпенділер ойындарында тігілген 500 адам сиятын үлкен киіз үй тігіледі.

Облыс орталығынан Бүркіттөбеге дейін арнайы автобус та ұйымдастырылмақ.

Следующая →