Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қысқа дайындалуда

Көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Шығыс Қазақстанда ұзындығы 256 шақырым болатын 130 қар басып қалатын учаскіде бақылау күшейтіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қысқа дайындалуда
Фото:
ШҚО ТЖД

Қыста жолда қалғандарға көмек көрсету үшін 10 жылыту пункті мен жол бойындағы бизнес 15 нысанының жұмысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Сондай-ақ, Ұлан ауданындағы Привольное ауылында тәулік бойы трассалық медициналық құтқару пункті жұмыс істейді.

Жергілікті ауқымдағы ТЖ жою жоспарына сәйкес жеке құрамның 1717 адамы, 686 бірлік техникасы дайын. Оның ішінде 389-ы қар тазалау техникасы, 181 инженерлік техника, 30 эвакуациялық техника және 86 жоғары өтімді техника. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай – Рахман қайнарлары", "Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы", "Өскемен - Семей", облыстық маңызы "Өскемен - Тарғын - Самар" жолдарда жұмыс істейді, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Облыс аумағында 497 көшкін түсетін аймақтар бар. ШҚО "Қазселденқорғау" ММ филиалы қар көшкіні маршруттарын әзірледі. Қар көшкіні қаупі бар кезең ішінде бақылаушылар апта сайын қар көшкіні қаупі бар учаскелерге жерүсті зерттеу жүргізеді және қажет болған жағдайда қар массасын түсіреді.

Күн суытқан сайын азаматтар жол үстінде түрлі жазатайым жағдайларға тап болуды. Ауа райының қолайсыздығы туралы біз "Дармен" мобильді қосымшасында, SMS арқылы, теле-, радио арналар, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткіземіз. Дауыл туралы ескерту жарияланғанда халыққа алыс жолға шықпауды ұсынамыз. Жүргізушілер жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалап отыруы керек, - деп түсіндірді Қуатбек Кенжебекұлы.

ШҚО ТЖД комиссия құрамында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ШҚОФ, ЖАО, ЖПҚ өкілдерінің қатысуымен "Қазақавтожол" ЖШС облыстық филиалының республикалық маңызы бар автожолдарды қыс мерзіміне дайындығына тексерулер жүргізеді, нәтижелері бойынша дайындық актілері жасалады.

"Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде облыстық Азаматтық қорғау қызметтерін қысқы кезеңнен өтуге тексеру жоспарланған.

Следующая →