Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Меновное ауылының тұрғындары рефрендумға белсенді қатысуда

Бүгін 6 қазан, жексенбі, таңғы сағат 07.00-ден Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Меновное ауылының тұрғындары рефрендумға белсенді қатысуда
Фото:
Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінен

Ел бойынша барлығы 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Референдум кезінде азаматтар бір ғана сұраққа жауап береді – "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?". Дауыс берушілер "иә, келісемін", "жоқ, келіспеймін" деген екі жауаптың бірін таңдай алады.

Өскемен қаласында 127 рефрендум учаскесі жұмыс істеп тұр. 18 жасқа толған Қазақстанның кез келген азаматы дауыс бере алады.

Меновное ауылындағы №38 рефрендумның учаскесіне сағат 10.00-ге дейін 500-ден астам адам келіп, дауыс беріп кетті.

Біздің №38 рефрендум учаскесіне 2109 сайлаушы тіркелген. Соның ішінде 1600-дей сайлаушы келеді деп күтілуде. Дауыс беру таңғы сағат 07.00-20.00-ге дейін жалғасады. Тұрғындарды келіп, болашақ үшін өз дауысын беруге шақырамыз, - дейді №38 рефрендумның учаскелік комиссиясының төрағасы Алтынгүл Букбаева.

Дауыс беруге келгендердің арасында жастардың да, қарттардың да қарасы көп. АЭС құрылысы - бұл тек энергетика ғана емес, сонымен қатар экология, қауіпсіздік, экономика және еліміздің халықаралық жағдайы. Дауыс берушілер осы қадамның оң-терісін саралап, барлық аспектілерін зерттеп, саналы түрде шешім қабылдауға келіп жатыр.

Мен қазір зейнеттік демалыстамын. Жоғары білімді адам ретінде елімізде атом электр стансасын салудың қандай қажеттілігі барын түсінемін. Сондықтан еліміз үшін, республиканың болашағы, ұрпақтың болашағы үшін өз таңдауымды жасадым, - дейді Оралхан Желдібаев.

Следующая →