Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар референдумға қалай қатысады?

6 қазанда өтетін республикалық референдумда тұрғылықты тіркеуі жоқ Қазақстан азаматтары сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркеле алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар референдумға қалай қатысады?
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Бұл қызметті ХҚКО мамандары көрсетеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Еліміз бойынша бұл күні 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 196 дауыс беру учаскесіне халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмылдырылады. Олар тіркеуі жоқ азаматтарды сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша тіркеуге тұрғызады. Мұндай шешім қазақстандықтардың өзінің дауыс беру құқығын пайдалана алу үшін қабылданды.

Референдум күні ХҚКО қызметкерлері сайлау учаскесінде сағат 7.00-ден бастап 20.00-ге дейін азаматтарды бір күнге мекенжай бойынша уақытша тіркейтін болады. Егер тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азамат дауыс беру үшін мектеп, колледж немесе ауруханаға жүгінсе, оны сол мекемеде тіркейді. Ескеретін маңызды жайт, 7 қазан күні азамат автоматты түрде тіркелген жерінен шығарылады, сәйкесінше дауыс беруші өз тұрғылықты мекенжайы бойынша қайта тіркелу керек, - деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ.

Сондай-ақ, мекенжай тіркеуі бар азаматтар референдум күні ХҚКО арқылы басқа мекенжайға тіркеле алмайтынын атап өткен жөн. Өйткені дауысты тек тұрғылықты мекенжай бойынша ғана беруге болады.

ХҚКО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларымен сілтемесіне өтіп, таныса аласыз.

Еске сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум 6 қазан күні өтеді.

Следующая →