Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жалған хаттама толтырған полиция қызметінен айырылды

Өскемен қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы қызметін асыра пайдаланған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жалған хаттама толтырған полиция қызметінен айырылды
Фото:
pexels.com

Ол осы қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы , яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы мен хаттама толтыруға құқығы бар лауазымды тұлға, 20.01.2023 жылдан 05.02.2023 жыл аралығында ӘҚБтК-ның 449-бабының 1-бөлігі бойынша (қайыр сұрау мақсатында қоғамдық орындарды қорлау) бір қаулы және ӘҚБтК-ның 440-бабының 1-бөлігі бойынша (қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылықты қорлап масаң күйде жүруі) екі құқық бұзушылық бойынша 17250 теңгеден жаза қолданылған екі хаттама толтырып, жазықсыз адамға көрінеу жалған жала жауып, жауапқа тартқан, - деп хабарлады Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Полцияи қызметкерінің өз ісіне өкінуі мен 3 баласының болуы жазасын жеңілдетті.

Қылмыс ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады, осы бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 4 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - делінген хабарламада. - Сот оны ҚК-ның 416-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметтен 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →