Шығысқазақстандықтар 140 млн теңгесін алаяқтарға берген
ШҚО-ның екі тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен үй алып беру сылтауымен 33 адамды алдап, ақшаларын алған
Жалпы шығын 142 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласы Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ол 2022 жылдың қараша айында белгісіз біреулер пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, одан 5 миллион теңге алғанын, бірақ қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпағанын хабарлаған, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің тағы 32 ұқсас қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.
Белгілі болғандай, 39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесеміз деп бірнеше адамды алдап, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кетіп отырған.
Қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.