Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде халықаралық шахмат турнирі өтеді

"Oskemen Open 2024" турнирінде 200-ден астам шахматшы бақ сынайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде халықаралық шахмат турнирі өтеді
Фото:
instagram/kzchessfederation

Қазақстандық және шетелдік атақты гроссмейстерлер келетін сайыс 2-10 қазан аралығына жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2024 жылғы Қазақстан Кубогының 2-ші кезеңі болып саналатын турнир 2 жарыстан тұрады.

"Masters" турнирінде - 16 елден 1900-ден төмен емес рейтингке ие 139 қатысушы бақ сынайды. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 10 турдан тұрады, классикалық уақыт бақылауы: "90+30" (әр қатысушыға партияға 90 минут және әрбір жүріс үшін 30 секунд қосылады), гроссмейстерлік норма кепілді түрде қарастырылған, - деп мәлімдеді Қазақстан шахмат федерациясы. - "Open" (75 қатысушы, рейтингі 2100-ден төмен) – швейцариялық жүйе бойынша 10 тур, классикалық уақыт бақылауы: "90+30".

"Masters" турнирінде 20 гроссмейстер мен 32 халықаралық шебер қатысады. Соның ішінде: армениялық Мануэль Петросян (2631) мен өткен жылғы жеңімпаз Арам Акопян (2617), Сюй Сянюй (2621) мен Бай Цзиньши (2549) атты қытай гроссмейстерлері, ирандық Бардия Данешвар (2698), Өзбекстаннан келген Джахонгир Вахидов (2571) пен үндістандық гроссмейстер Сетураман С.П. (2570).

Сондай-ақ, Венгрия астанасы Будапеште өткен 45-ші шахмат олимпиадасында жақсы нәтиже көрсеткен Қазақстанның ерлер құрамасының бес ойыншысы да қатысады: Денис Махнёв (2551), Қазыбек Нөгербек (2519), Рамазан Жәлмұханов (2497), Әлішер Сүлейменов (2484) және Алдияр Ансат (2457).

Ерлермен бірге Masters турнирінде Олимпиаданың күміс жүлдегерлері – Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелері Ксения Балабаева (2335) мен Амина Қайырбекова (2243) да ойнайды.

"Masters" турнирінің жалпы жүлде қоры – 24 млн теңге, оның ішінде жеңімпазға 5 млн теңге, 15-ші орын алғанға – 400 мың теңге, әйелдер арасындағы үздік нәтиже үшін – 1 млн теңге қарастырылған.

"Open" турнирінің жүлде қоры – 4,5 млн теңге: 1-ші орынға – 1 млн теңге, әйелдер мен ардагерлер арасындағы үздік нәтижеге (1964 ж.т. және одан үлкен) – 200 мың теңге, 10 және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы үздік нәтижеге – 150 мың теңге.

Турнир Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтеді (Серікбаев көшесі, 19). Ашылу рәсімі 2 қазанда 15.30-да, одан кейін екі турнирдің 1-ші туры өтеді. Келесі 9 тур 3-10 қазан аралығында өтеді.

Следующая →