Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан ардагері 90 жасқа толды

Қазыналы қарттардың мерекесі Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында да кеңінен аталып өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан ардагері 90 жасқа толды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімнің бірі ардагер қауымды қонаққа шақырып, салтанатты шара ұйымдастырса, ал келесі әскери бөлім көнекөздердің үйлерін аралап қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, Ұлттық ұланның Өскемен қаласындағы №5518 әскери бөлімі қамкөңіл қарттарды әсте естен шығар емес. Мереке аясында жасамыс жандар концерттік бағдарлама тамашалап, ұландықтар өнеріне тәнті болды. Әскери бөлім клубында өткен тағылымды кешке "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысты. Ол мереке иелеріне мадақтама қағаздарын ұсынып, алдыңғы толқынға айтар алғысы шексіз екендігін жеткізді.

Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны әрқашанда біз үшін маңызды. Себебі ел тыныштығын күзетуде елеулі үлес қостыңыздар. Талай сарбаздарды тәрбиелеп, бойларына патриоттық сезімді ұялата білдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымға толы ақыл-кеңестеріңізге әрқашан арқа сүйейміз.Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға баянды бақыт тілеймін, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Ұйымдастырушылар кеш қонақтарының бірі күні кеше 90 жасқа толған ардагер Иван Гагаринге ерекше ықылас танытты. Құқықтық тәртіп әскеріне саналы ғұмырының отыз жылын арнаған зейнеткерді қолпаштап, сахна төріне шығарды. Отставкадағы подполковниктің өмірімен таныс болған сарбаздар ардагерге көкейкесті сауалдарын жолдады.

Бүгінгі шараның сарбаздар үшін берері мол. Мерейлі кештің әрбір мейманы Отан үшін жүрегін жұлып беретін жауынгер болғандығы олардан рухты сөздерінен аңғару қиын емес. Біз үшін бүгін ардагерлердің ақ батасы жауған күн болды, - дейді №5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Елдар Шынкеев.

Өскемен қаласныдағы №3477 әскери бөлімі болса 102 жасты еңсеруге шақ қалған Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Светочеваны құттықтады. "Отан соғысы" орденінің бірінші дәрежелі кавалері қанмайданда байланысшы болған. Бір ғасырдан астам уақыт жасаған кейуананың қимылы ширақ, әлі де тың. Өздігімен тамақ пісіріп, бау бақшасына қарайды екен. Әскери бөлім командирі егде жанға әкелген сыйлықтарын табыс етіп, мол бақыт тіледі. Үй ауласында әскери өнерпаздар өнер көрсетіп, ардагерге ерекше сезім сыйлады.

Біз Ұлы Отан соғысының ардагерінің үйіне алғаш рет келіп тұрған жоқпыз. Мұның алдында да хал-жағдайын сұрап, әрдайым кейуанамен байланысымыз үзілмеді. Ардагерге қажетті көмек көрсетуге әскери қызметшілер әрдайым құлшыныс білдіреді, - дейді №3477 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Аңсар Шакенов.

Еске салайық, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында 1047 әскери ардагер бар. Ұландықтар қарттарға материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, олардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, өнегелі өсиеттерін тыңдап қайтады.

Следующая →