Өскемен
облачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
483.23
+3.12
534.74
+2.49
¥
68.86
+0.44
5.12
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 90-нан асқандарға бір жолғы төлем беріледі

Қазақстандағы 236 мыңдай адамға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 90-нан асқандарға бір жолғы төлем беріледі
Фото:
Устинка LIVE

Халықаралық қарттар күніне орай еліміздің әр өңірінде бір реттік төлем беріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қарттар күніне орай Астана қаласында, Ақмола (ең төменгі зейнетақы алушыларға), Қарағанды (75 жастан асқан азаматтарға), Павлодар (ең төменгі зейнетақы алушыларға және 80 жастан асқан азаматтарға), Шығыс Қазақстан (90 жастан асқан азаматтарға), Маңғыстау (70 жастан асқан азаматтарға 25 қазанға қарсы), Түркістан (жалғызбасты зейнеткерлерге және 100 жастан асқан азаматтарға) облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында (70 жастан асқан азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға) 235,8 мың адамды қамти отырып, жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады, - деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалпы, биыл жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 12,4 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды (оның ішінде жергілікті бюджеттерден – 11,8 млрд теңге, тартылған қаражат есебінен – 0,6 млрд теңге), оның ішінде:

  • азық-түлік жиынтығын ұсынуға – 229,4 млн теңге (26,5 мың адам);

  • жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 2 млрд 318 млн теңге (62,2 мың адам);

  • тіс протездеуге – 515,5 млн теңге (3,9 мың адам);

  • санаторийлік-курорттық емдеуді ұсынуға – 3 млрд 448 млн теңге (23,3 мың адам);

  • тұрғын үйді жөндеуге – 31,4 млн теңге (189 адам);

  • отынмен қамтамасыз етуге – 75,6 млн теңге (2,6 мың адам);

  • жалпы пайдаланудағы көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсынуға – 5 млрд 179 млн теңге (409,9 мың адам);

  • көмектің басқа түрлеріне – 638,4 млн теңге (81,5 мың адам).

Следующая →