Катонқарағай ауданында 1,5 айға жететін көмір қоры бар
Катонқарағай ауданының әкімдігі қазіргі уақытта 550 тонна көмір барын мәлімдеді
Бұл алдағы 1,5 айға жетеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2024-2025 жылғы қысқы маусымға арналған көмір келісімшартқа сәйкес Қаражыра кен орнынан тасымалдануда. Қазіргі уақытта көмір Алтай қаласына дейін вагондармен жеткізіліп, Зубовка ауылындағы “Шығыс Дәрмен” қабылдау және тарату нүктесіне түсіріліп жатыр. Одан кейінгі тасымалды Катонқарағай ауданына дейін "АлтайКарго" компаниясы жүзеге асырады, - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Қазіргі уақытта Катонқарағай ауданында 550 тонна көмір бар, бұл 1,5 айлық қажеттілікті қамтамасыз етеді.
Дүйсенбі күні Қаражырадан қосымша 5 вагон көмір жеткізіледі. Әр вагонда 70 тоннадан, жалпы көлемі 350 тонна болады. Осы жеткізілген көмірден кейін қорымыз 900 тоннаға жетіп, бұл 2 айға дейін жетеді, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер. - Қаражыра көмірінің тоннасы 10 000 теңгеден бағаланған. Алтайға дейінгі тасымалдау құны да осы бағада.