Өскеменде төрт трамвай өткелі жаңғыртылды
Өскеменде барлығы 25 трамвай өткелі болса, оның 10-ы жаңғыртылды
Қазіргі уақытта жұмыстар Назарбаев - Пограничная, Назарбаев - Нефтяная, Чехов - Нұрмағамбетов, Қазақстан - Түркістан қиылыстарында орындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Жаңа өткел қалыңдығы 10 мм болат табақты темірбетон конструкциядан тұрады. Соның арқасында жылдамдықты төмендетпей, шусыз жүріп өтуді қамтамасыз етеді, - деп мәлімдеді Өскемен қаласының әкімдігі. - Мұндай өткелдерді орнату - барлық трамвай желісін жаңғыртудың бір кезеңі. Мұндай конструкцияларды тек негізі қайта жаңартылған және шпалдары ауыстырылған учаскелерде ғана орнатуға болады. Кезең-кезеңмен бұл жұмыс алдағы уақытта барлық желіні қамтитын болады.