Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көлік министрі Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары салынатын жерді көрді

Катонқарағай ауданында жаңа әуежай Солдатово ауылының қасында, ал Зайсандағы Сәтбаев әскери әуе айлағы аумағында салынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Көлік министрі Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары салынатын жерді көрді
Фото:
t.me/kolikpress

Бастапқыда ұшу-қону жолағы 200 метр болып салынып, кейін кеңейтілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың жұмыс сапары барысында жаңа әуежайлар орналасатын алаңдармен танысты.

Мәселен, Катонқарағай ауданында жаңа әуежай Солдатово ауылының қасында салынады. Бұл ауыл Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдарының арасында орналасқан. Катонқарағай ауылына дейінгі қашықтық 38 шақырымды құрайды.

Ал Зайсандағы әуежай Сәтбаев атындағы бұрынғы әскери әуе айлағының аумағында орналасады. Бұл жерден Зайсан қаласына дейінгі қашықтық 25 шақырымды құрайды.

Бастапқы кезеңде әуежайларда Q400, ATR 42/72, CRJ200 әуе кемелері үшін ұзындығы 2200 метр жасанды ұшу-қону жолағы салынады. Әуе кемелерінің бұл түрлері Астана мен Алматыдан облыстың туристік орындарына дейін әуе қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кейін бұл жолақты кеңейту жұмыстары жүргізіліп, сыйымдылығы көбірек үлкен ұшақтарды (Airbus А320, Boeing 737) қабылдауға да мүмкіндік бар.

Мемлекет басшысы Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында сапалы жол инфрақұрылымы бар аэровокзал кешендері мен әуежайларды салуды тапсырды. Қойылған міндеттерді уақтылы орындау үшін ел өңірлеріне жұмыс сапарымен шығып, нысандар салынатын учаскелермен танысудамыз. Алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстарды пысықтадық. Үш әуежайдың да құрылысы келесі 2025 жылы басталады, - деп атап өтті министр.

Министр жергілікті атқарушы органның өкілдерімен, құрылыс және авиация саласының сарапшыларымен кездесу өткізді, онда әуежайлар салу жоспары талқыланды.

Аталған учаскелер төмендегідей факторларға сәйкес таңдалды. Авиация және құрылыс саласының сарапшылары мен жобалаушылар алдын ала зерттеулер жүргізді:

1. Жер бедері мен метеожағдай ескерілді;

2. Әуе кемелерінің қонуына кедергі жоқ;

3. Қонудың екі курсынан да әуе кемелерін қабылдау-шығару мүмкіндігі;

4. Әуежай инфрақұрылымын болашақта кеңейту мүмкіндігі бар;

5. Ыңғайлы локоция (Үлкен Нарын, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай маңы);

6. Инженерлік инфрақұрылымның болуы және қолданыстағы жолдарға жақын орналасуы.

Следующая →