Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да рұқсат құжатсыз пайдалы қазба іздегендер жауапқа тартылды

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты Көкпекті ауданында заңсыз қазба жұмыстарын жүргізген үш азаматқа қатысты іс қаралды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да рұқсат құжатсыз пайдалы қазба іздегендер жауапқа тартылды
Фото:
Устинка LIVE

Рұқсатсыз пайдалы қазбаларды іздестіру және қазу жұмыстарын жүргізген үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

19 шілдеде сағат 03.00-де Көкпекті ауданы "Ағыны қатты" учаскесінде рұқсат құжаттарынсыз, металл іздегіштер мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, үш азамат тіркеусіз және рұқсатсыз пайдалы қазбаларды іздеу және өндіру бойынша заңсыз жұмыстармен айналысқан, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі. - Қатты пайдалы қазбаларды өндіру құқығы ЖШС-ге тиесілі, ал бұл азаматтар ЖШС-ге де, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер теліміне де еш қатыстары жоқ. Сот отырысында азаматтар кінәларын мойындамады.

Құқықбұзушылық әрекеті фото және бейнематериалдармен, заттай дәлелдемелермен расталды.

Күдікті азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 38 766 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Следующая →