Елбасы мектептерге бес күндік жүйе мәселесін қарастыруды тапсырды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министріне дамыған елдердегідей оқу жүйесін бес күнге қысқартылуын қарастыруды тапсырды
Фото:
strategy2050.kz
«Біз Экономикалық серіктестік және даму ұйымына бірігіміз және бізге олардай реттелуіміз керек. Барлық дамыған елдерде бес күндік оқу жүйесі. Балаға сабақтан демалуға, ұстаздарға сабақтан серігіп, дайындалуға уақыт береді. Олардың кейбірінде тіпті төрт күндік оқу жүйесі. Сондықтан мұндай форматқа ауысу дамыған елдердің тренді» , - деп атап өтті Елбасы Астана қаласында өткен алтыншы рет шақыртылған парламенттің І сессиясының ашылуында.
Следующая →
Оның сөзінше, ғалымдар оқу аптасындағы оқу күндерінің аз болуы оқу үлгерімін жоғарлататындығын дәлелдеген.
«Бізге де бұл тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылыс министрлігіне бастауыш сыныптан бастаған жөн. Бұл оңай жұмыс емес. Әдісті толығымен зерттеп, зерделеу қажет. Балалардың барлығы сабақбасты болып кеткен. Сондықтан кейбір сабақтарды біріктіріп, кейбірін алып тастау керек», - деп атап өтті ол.