Өскеменде Самар ауданының мәдени күндері өтеді
Самар ауданының шығармашылық ұжымдары концерт қойып, түрлі спорттық сайыстар мен ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады
Фото:
yandex.kz
ШҚО-да "Туған жер - алтын бесігім!" жобасы жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Туған жер - алтын бесігім!" жобасы аясында облыс орталығында Самар ауданының мәдени күндері өтеді.
Бағдарламада:
- 27 қыркүйек сағат 18.00-де "Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы" (Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 43) көрермендер залында Самар ауданының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерті
- 28 қыркүйек сағат 08.00 "Алтай" сауда орталығында (Өскемен қаласы, Жібек жолы даңғылы, 44) Самар ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі және спорттық сайыстар
- 28 қыркүйек сағат 08.00 "Мәдени қызметті және бұқаралық спортты дамыту орталығында" (Стаханов көшесі, 3 а) ерлер арасында волейболдан жарыс
- 28 қыркүйек сағат 13.00 Арбатта Самар ауданының ВИА тобының концерттік бағадарламасы және "Самар FEST" тақырыбындағы фотосуреттер көрмесі