Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
478.54
+0.38
533.76
-1.16
¥
68.25
+0.18
5.17
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде алғаш рет грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жарысқа 17 жасқа дейінгі балуандар қатысады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде алғаш рет грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді
Фото:
Устинка LIVE

Турнирге шетелдік балуандар да қатысуға ниет білдірген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы - Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 2009-2011 ж.т. спортшылар арасындағы грек-рим күресінен республикалық турнирге еліміздің 10 облысынан 200-ге жуық спортшы қатыспақ.

Турнирге спортшылармен қатар құрметті меймандар шақырылды. Жақсылық Үшкемпіровтің ұлы Елдос Үшкемпіров пен оның туыстары,  2008 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев келеді, - деді Өскемен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Диас Ерланұлы.

Турнир 26-28 қыркүйек аралығында "Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайында" өтеді. Турнир ашылуы 27 қыркүйекте сағат 15.00-де, финал 28 қыркүйекте.

Турнир Халықаралық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының (UWW–United World Wrestling) қолданыстағы ережелеріне сәйкес өтеді.

Осы турнир аясындағы жарыс келесі салмақ санаттарында өтеді: грек-рим күресі - 35 кг, 38 кг, 41 кг, 44 кг, 48 кг, 52 кг, 57 кг, 62 кг, 68 кг, 75 кг, 85 кг, 110 кг.

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған түрлі жарыстар елдің әр қала, облысында өткізіліп келеді. Спорт бөлімінің басшысының ұсынысымен, қалалық әкімдіктің қолдауымен Өскемен қаласы да шет қалмай, турнир өткізуді қолға алды, - дейді грек-рим күресінен жаттықтырушы Мәди Жарболов. - Грек-рим күресі Өскемен қаласында дамып келе жатқан спорт түрі. Жақында әлем чемпионатынан 2 палуанымыз 3-орын алып келді. Оған дейін 23 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионы шықты. Сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі балалар арасында да Азия чемпионы шықты, ол осы сайыстарға қатысып, Өскеменнің намысын қорғайды. Шығыс Қазақстан облысының атынан 40-45 спортшы қатысады деп жосарлануда. Жалпы жарысқа Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Абай облыстары, Алматы мен Астана қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстаннан спортшылар келе жатыр.

Следующая →