Алтай ауданының тұрғыны қорасында есірткі өсірген
Полицейлер Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәртіп сақшылары Алтай өңірінің 46 жастағы тұрғынының үйін шұғыл тінту барысында қора ішінен салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана мен салмағы 3 келіден асатын қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Барлық заттай дәлелдер зертханалық сараптамаға жіберіліп, оның есірткі заты екені расталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.