Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сарбаздардың ата-аналары Өскемен гарнизонының тыныс-тіршілімен танысты

Соңғы күндері елімізде әскери қызмет кезінде орын алып жатқан қайғылы оқиғалар ата-аналарды алаңдатып, үрейлендіргені рас

Усть-Каменогорск и ВКО / Сарбаздардың ата-аналары Өскемен гарнизонының тыныс-тіршілімен танысты
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Осыған байланысты Өскемен гарнизонының №27943 әскери бөліміне 30-ға жуық ата-ана келіп, сарбаздардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бөлім қолбасшылығы ата-аналарға экскурсия ұйымдастырып, оларға әскери бөлімнің барлық негізгі нысандары мен инфрақұрылымын көрсетті. Ата-аналар казарма, асхана, медициналық пункт және оқу орындарын аралап, әскери қызметшілердің күн тәртібімен танысты.

Біз барлық жаңалықтардан кейін балаларымыз үшін қатты уайымға салындық. Бірақ бізге сарбаздардың қандай жағдайда өмір сүретінін, олардың қалай тамақтанатынын, медициналық қолдаудың қалай ұйымдастырылғанын ватсапта құрылған топта уақтылы хабарлап отырады. Дегенмен біздің көңіліміз жай таба алмағандықтан, жиналып келдік. Көргеніміз көңілімізден шығады. Енді мен ұлымның қауіпсіз екенін біліп, тыныш ұйықтай аламын, - деді сарбаздардың бірінің анасы Гаухар Валиханова.

Келген ата-аналар әскер қолбасшылығына ашықтығы мен кері байланыстары үшін алғыс білдірді. Бұл сапардан олар балаларының сенімді қолда екеніне және қызмет белгіленген стандарттарға сәйкес өтетініне көз жеткізді.

Следующая →