Риддер мен Марқакөлде коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлемеген
Риддерде "Водоканал" кәсіпорны қызметкерлеріне 50 млн теңгеден астам, Марқакөл ауданындағы "Теректі" МКМ 5,4 млн теңге қарыз болған
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының күшімен жалақы бойынша берешектер түгелдей өтелді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Риддер қаласының прокурорлары "Водоканал" кәсіпорнының 220 қызметкеріне 50 млн теңгеден астам жалақы берешегін анықтады. Ал Марқакөл ауданының прокуратурасы "Теректі" МКМ коммуналдық кәсіпорындарының бірінде 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады, - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. - Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған өңірлердегі жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО прокуратурасы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін, оны бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.