Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан жауынгері Гималайды бағындырмақ

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы №5518 әскери бөліміне Алматы қаласынан шақыртылған қатардағы жауынгер Дмитрий Казанцев альпинизммен айналысады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан жауынгері Гималайды бағындырмақ
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан

Бүгінде әуесқой альпиниске айналған ол тауға өрмелеуді студенттік шағынан Алатау сілемдерінен бастаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мерзімді әскери қызметші бүгінде еліміздің ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңын бағындырып үлгерген. Құзар шыңға өрмелеуге әуес сарбаз үшін жауынгерлік қызмет қиындыққа соқпапты.

Біз салмағы қырық келі болатын сөмкемізді асынып, қар кешіп, тас басып, жоғары көтерілеміз. Мұзға шойын қада қағып, асқарға қарай адымдаймыз. Сондықтан мен әскери бөлімдегі жауынгерлік қызметке тез арада бой үйреттім. Жалпы, бала кезімнен зау биіктен төмен қарағанда тамсанамын.Биіктікке өрлеу, кедергілерден өту өмірге деген құлшынысыңды арттырады. Менің алға қойған мақсатым - теңіз деңгейінен сегіз мың метр биік орналасқан Гималай тауларын бағындыру, - дейді қатардағы жауынгер.

Ұлттық ұлан сапында Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жауынгер таяуда келісімшарт бойынша әскери қызметке тұрды. Ұландық №5518 әскери бөлімінде тыл қызметінің іс жүргізуші маманы.

Следующая →