Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Парламент Мәжілісінің депутаттары ШҚО мұғалімдерімен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері Ерлан Саиров және Ұлықбек Тұмашинов Өскемен қаласына арнайы жұмыс сапармен келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Парламент Мәжілісінің депутаттары ШҚО мұғалімдерімен кездесті
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Парламент Мәжілісінің депутатары білім саласының қызметкерлерімен кездесіп, елде атом электр станциясын салудың маңыздылығы мен тиімді тұстарын талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Атом электр станциясын салу мәселесі бір жылдың ішінде жан-жақты талқыланды. Демократия болғандықтан, жақтаушылар да, қарсылық танытушылар да болады. Меніңше, АЭС Қазақстанға қажет. Өйткені экономика дамып келе жатыр. Экономика дамығанымен оған жеткілікті энергия көздері жоқ. Электр энергиясын Ресейден импорттап отырмыз. Мұның үстіне импорт қымбатқа түседі. Ал жалпы АЭС салуға қатысты соңғы шешімді референдум арқылы халық өзі қабылдайды, - деді депутат Ерлан Саиров.

Болашақта атом энергетикасы дамып, электрмен және энергиямен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады деген үміт бар. Өйткені қазіргі уақытта 18 елде жалпы қуаты 57,6 ГВт болатын 56 реактор салынып жатыр. Беларусь, БАӘ, Бангладеш және Түркия сияқты елдер өздерінің алғашқы атом электр станцияларын салуда. Тағы 5 ел (Эстония, Польша, Египет, Сауд Арабиясы және Өзбекстан) алғашқы атом электр станцияларын салу үшін қажетті инфрақұрылымды белсенді дайындау үстінде.

Біз бүгінгі күнді емес болашақ үшін ойлануымыз қажет. Себебі елімізде электр тамшылығы мен экологиялық жағдайдың нашарлауы сезілуде. Егер АЭС салсақ біз электр тапшылығынан құтылып ғана қоймай экологияның жақсаруына да ықпал етеміз,- деді депутат Ұлықбек Тұмашинов.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО АЭС Халықтық штаб