ШҚО-да шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Меморандумның мақсаты – бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
ШҚО-да Марқакөл ауданының әкімідгі мен "ГРК МЛД" ЖШС және "East Copperproduction LLP" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Келісім аясында әлеуметтік нысандар салу, көшелерді абаттандыру, жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңадан құрылған шекаралас аудан үшін өте маңызды меморандум, - деді Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев.