Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +23°
$
478.96
-1.67
533.03
-2.10
¥
67.62
-0.14
5.22
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Түбіртекті талап етіп, жүлде ұтып ал!" акциясы жүріп жатыр

Кез келген азамат сатып алған тауар немесе көрсетілген ақылы қызмет чегін көрсетіп, бағалы сыйлыққа ие бола алады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Түбіртекті талап етіп, жүлде ұтып ал!" акциясы жүріп жатыр
Фото:
pexels.com

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп, "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді "Amian" мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың (Онлайн БКМ) чектері қатысады, - деп хабарлады ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті.

Акцияны өткізудің мақсаты - азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Айта кетейік, "Amian" қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Следующая →