Өскемен көшелеріндегі барлық бейнебақылау камералары іске қосылды
Қала тұрғындарына жол қозғалысы кезінде аса сақ болу қажет
Облыс орталығында бұрыннан тұрған камералар да, жаңа камералар да істеп тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы "Satory Company Ltd" ЖШС компаниясымен бірлесіп, Өскемен қаласында "Бейнебақылау жүйесін жаңғырту және кеңейту" жобасын іске асыруда.
Өскемен қаласындағы бейнебақылау жабдықтары қосылды және құқық бұзушылықтарды тіркейді, - деп ескертті Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. - Жоба аясында бұрын орнатылған жабдықтар да, жаңа бейнебақылау камералары мен ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер де қосылады.
Осыған байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін қала тұрғындарынан жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды сұрайды.