Өскемен
Қалың бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -1°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -18°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
    -1°
  • Шымкент
    +3°
$
493.36
-6.47
572.84
-8.66
¥
71.59
-0.88
6.29
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да оқушы полицияға үйінде лаңкестер бары туралы жалған хабар берген

8 жастағы мектеп оқушысы көрші баланың айтуымен полицияға қоңырау шалған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да оқушы полицияға үйінде лаңкестер бары туралы жалған хабар берген
Фото:
Устинка LIVE

Оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде "102" жедел арнасына дабыл қоңырауы түскен. Қоңырау шалған бала мекенжайын айтып, үйінде террористер барын мәлімдеген, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Оқиға орнына жеткен жедел қызмет тобының мамандары барлығын тексеріп, хабарламаның жалған екені белгілі болған.

Қоңырау шалған 8 жасар бастауыш сынып оқушысы болып шықты.  Оның айтуынша, көршінің баласы оған келіп, полицияға қоңырау шалуды өтінген. Сондай-ақ, ол көршінің баласы тамыз айында басқа балаларға да осындай өтінішпен жүгінгенін айтқан. Көршінің баласы 14 жастағы жасөспірім екені анықталды.

Екі баланың ата-аналары бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың терроризм актісі туралы жалған хабарлаудың басқа фактілеріне қатыстылығын тексеруде.

Полиция департаменті бұл әрекеттер үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады.

Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 14 жастан аспаған жасөспірімдердің бұндай әрекеті үшін оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ПД Терроризм Жалған ақпарат