Биыл жазда ШҚО-да 4 адам суға батып кетті
Құтқарушылар су айдындарында 19 адамның өмірін құтқарып қалған. Оның төртеуі – бала
Ағымдағы жылы ШҚО ТЖД қызметкерлері облыс су айдындарында шомылу маусымы кезінде 19 адамды құтқарды, оның ішінде - 4 бала. Өкінішке қарай, рұқсат етілмеген жерлерде шомылған 4 адам суға батып кетті.
Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері - қауіпсіздік шараларын бұзу және балаларды қараусыз қалдыру болды.
Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында құтқарушылар 2947 рейд жүргізді. Су айдындарының түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстар уақтылы жүргізілді. "Жас құтқарушы" үйірмесі арқылы 560 балаға суда шомылу бойынша бастапқы дағдылары оқытылды, оқушылармен және жас құтқарушылармен 22 тәжірбиелік сабақ өткізілді, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.