ШҚО-да 3,5 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді
Облыста шетел азаматтары синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхана ұйымдастырған
Еуропа елдерінің бірінің азаматтарының заңсыз әрекеттерін ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыстың Ұлттық қауіпсізік департаменті әшкереледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакеттерде жалпы салмағы 125 кг астам "мефедрон", 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ, тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін замануи зертханалық жабдықтар тәркіленді, - деп мәлімдеді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі. - Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.
Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.