Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктер "котлован" маңынан 200 қап қоқыс шығарды

Шығыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы шаралар жалғасуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер "котлован" маңынан 200 қап қоқыс шығарды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Қала тұрғындары жазда суға түсіп, демалыстарын өткізетін "котлован" жағалауынан 200 қап қоқыс жинап шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл жер ресми түрде жағажай болып саналмайды және шомылуға рұқсат етілмеген. Бірақ жергілікті тұрғындар тыйымға қарамастан дәл осы жағалауда демалуды жалғастырып жүргендіктен, жергілікті билік  келер жылы бұл жерді қауіпсіз демалыс аймағына айналдырмақ. Бүгінгі таңда су қоймаларын  жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалуда.

Бүкіл балалық шағымыз осы су қоймаларда ойнаумен өтті деуге болады. Мұнда мен жүзуді үйрендім, отбасылық демалысты жиі өткізіп тұратынбыз. Жылдар өте келе мұнда қоқыс көбейіп, демалуға ыңғайлы болмады. Әрине, біз әр демалыстан кейін өз орнымызды жинаймыз, бірақ барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес. Қазір осындай үлкен ұжыммен қоқыстың көп бөлігін жинап, шығарғанымызға қуаныштымын, - дейді қала тұрғыны Ангелина Сидоренко.

Өскеменде барлығы 100-ден астам эко-шара өткізілді. 492 аумақ тазаланып, 3871 шаршы метр қоқыс шығарылды, Қазақстан тауында 500 көшет отырғызылды, рұқсат етілмеген үйінділер жойылуда. "Таза ойындардың" 2 маусымы өткізіліп, соңғы маусымында 130-дан астам адам тартылып, 3 тонна қоқыс шығарылды. Ең көп қоқыс жинаған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан көшесі қайта жөнделіп, Қабанбай батыр мен Пушкин көшелері бойында жаяу жүргіншілер аймағы және алаңдар абаттандырылуда, Назарбаев, Шәкәрім даңғылдары мен Қазақстан көшесі бойындағы үйлердің қасбеттері жөнделуде. 

Қабанбай батыр – Қазақстан, Қазақстан – М.Горький, Сәтбаев – Байбатчин қиылыстары аудандарында гүлдер отырғызылды, жаңа суару жүйелері іске қосылды.

Волонтерлер "Ардагерлерге тағзым" акциясы аясында жалғыз тұратын зейнеткерлерге тұрғын үйлердің аумақтарын тазалауға көмектесті.


Следующая →