Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде офицерлердің әскери жиыны өтіп жатыр

Қазақстан мен Ресей Федерациясының әскери жоғары оқу орындарын тәмәмдаған офицер-түлектермен оқу-әдістемелік жиын өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде офицерлердің әскери жиыны өтіп жатыр
Фото:
"Шығыс" ӨҚ

Жиын барысында жас лейтенанттар физикалық дайындық пен оқу пәндері бойынша сынақ тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпараты бойынша жиынның мақсаты - офицерлердің әскери оқу орындарынан түлеп шығып, бір жыл көлемінде  әскери бөлімдердегі күнделікті; жауынгерлік міндеттерін  орындау кезінде алған білімдерін тексеру және оларды оқу-әдістемелік жиын барысында жетілдіру.

Оқу-әдістемелік жиынды өткізу кезінде жас лейтенанттар дене дайындығы мен атыс даярлығы, лауазымдық және арнаулы міндеттерді білу, ҚР ҚК жарғылары және басқа да оқу пәндері бойынша сынақтар тапсырды. Сонымен қатар, офицерлер Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан тәжірибелік оқ атуды орындады.

Жас офицерлерге әскери оқу орындарында оқу кезінде тәжірибеде қолдануға тура келетін қажетті тәжірибелермен бөлістік.  Сондықтан, мұндай жиындар жас лейтенанттар үшін өте маңызды деп санаймын. Олар жауынгерлік қызметте көп нәрсені үйренеді. Әрбір жас лейтенант таңдалған мамандықтың маңыздылығын түсінуі керек. Өйткені олар жеке құрамды басқару және кәсіби деңгейін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарулары тиіс. Әр офицер тек әскери қызметшілер арасында ғана емес, айналасындағылардың барлығына үлгі болып табылады, - деп түсіндірді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы полковник Сергей Сергеев.

Следующая →