Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
492.17
-2.78
522.39
-3.10
¥
68.27
-0.13
5
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дан әскерге шақыртылғандардың алғашқы легі аттанды

Биыл Шығыс Қазақстан облысынан еліміздің Қарулы Күштер қатарын 18-27 жас аралығындағы 800-ге жуық сарбаз толықтырады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дан әскерге шақыртылғандардың алғашқы легі аттанды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

2024 жылғы күзгі әскерге шақыру басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл күндері әскер қатарына қабылданатын азаматтар әскери қызметке жарамдылығын растау үшін медициналық комиссиялардан өтуде. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары қарқынды жұмыстарын бастады. Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады және үш айдың ішінде Шығыс Қазақстан облысынан еліміздің Қарулы Күштер қатарын 18-27 жас аралығындағы 800-ге жуық сарбаз толықтырады.

Шығыс Қазақстан облысынан әскерге шақырылушылардың алғашқы тобы 4 қыркүйекте өз борыштарын өтеуге аттанды.

Мен бұл күнге ұзақ уақыт дайындалдым. Менің ойымша, әрбір ер адам өз мықтылығын, дисциплинасын дамыту үшін әскери өмірді бастан өткеруі керек. Әскери қызмет - бұл өмірдегі маңызды кезең. Сондықтан бұл кезеңде мен өмірдегі өз мақсатымды анықтап, болашағымды салмақты, саналы түрде жоспарлаймын деп ойлаймын, - деп атап өтті әскерге шақырылушы Әскербек Расул.

Әскер қатарына шақыртылған сарбаздарды қолдау мақсатында мемлекет бірқатар жаңашыл бастамалар енгізді. Солардың бірі – әскери борышын өтеушілерге 13 айға несиелік демалыс беріледі. Бұл сарбаздар мен олардың отбасыларының қаржылық жүктемесін едәуір жеңілдетіп, сарбаздарға еш аландаусыз әскери міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қатардағы жауынгерлер қызметтен кейін еліміздің жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсуге мүмкіндік алады. Яғни,  сарбаздар бір жыл көлемінде азаматтық борышын өтеп қана қоймайды, болашақта жоғары білім алуға ынталанады.

Следующая →