Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Рахман қайнарының жолы қарқынды жөнделіп жатыр

"Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автомобиль жолын 2025 жылы аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Рахман қайнарының жолы қарқынды жөнделіп жатыр
Фото:
pexels.com

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автомобиль жолының 56-72 және 72-88 шақырымы аралығындағы учаскелерінде қайта жаңарту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты "ҚазАвтоЖол" ҰК ақпаратына сүйеніп.

Учаскенің жалпы ұзындығы 28 шақырым және ол Өскемен, Алтай қалалары мен басқа да жақын елдімекендерді байланыстыратын негізгі жолдың бірі, – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК. – Осы учаскеде жөндеу жұмыстарын бастау үшін жер санатын мемлекеттік орман қорынан көлік санатына ауыстыру біраз қиындықтарды туындатқан болатын. Қазіргі таңда барлық қажетті шаралар аяқталып, жер санатын ауыстыруға мемлекеттік акт алынды.

Бүгінгі күні келесіде жұмыстар атқарылды: 

- Бұрғылап жару жұмыстары: 529,2 мың м3 немесе жоспардың 96 %-ы;

- Топырақтың құнарлы қабатын алу: 62,4 мың м³ немесе жоспардың 73%-ы;

- Топырақ үйіндісін салу: 53,9 мың м³ немесе жоспардың 49%-ы.

- Топырақты тасымалдау: 219 мың м³ немесе жоспардың 100%-ы.

Биыл бұрғылап жару, жер және Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірге тірек орнату жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

2025 жылғы жоспарға барлық жұмыстарды аяқтап, нысанды қолданысқа беру көзделген. Бұл жұмыстарға көпір салу, жол жабынын төсеу, сондай-ақ жол инфрақұрылымын абаттандыру және бекіту жұмыстары қарастырылған.

Следующая →