ОББ мен Пентагон Cирияға қатысты Ресеймен жасаған келісімнің орындалуына күдіктенуде
Амерка Құрама Штатының әскери шенеуніктері Ресей Сирияға қатысты жасаған келіссөзді орындайды дегенге сенімсіздік танытып отыр
Фото:
vestifinance.ru
АҚШ әскери қызметкелері ресейлік билікке жасалатын қысымды күшейту үшін жоспар құрмақшы. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы американдық әкімшіліктің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Шенеуніктің ақпаратынша ЦРУ мен Пентагонның басшылары Джон Бреннан және Эштон Картер, сондай-ақ, штаб басшылары комитетінің төрағасы Джозеф Данфордтың кездесуі барысында Мәскеуге қиындықтар тудыруға қатысты жаңа әрекеттер жасау ұсынылды.
Сонымен қатар, Ресейге қатысты әкімшілікте кереғар пікірдің қалыптасуына, Мәскеуге қатысты сенімді шешімдердің жасалуына президент Барак Обама күштеуі мүмкін деген деген пікір қарастырылуда.
Мемлекет хатшысы Джон Керриге жақын адамдар Сириядағы атыс-жарылыстардың тоқтауы, ресейлік билікке сенім артуға бола ма, жоқ па екенін көрсетеді деп айтуда. Ал егер Ресей өз әрекеттерін тоқтатпаса, қосымша жоспар керек.