РФ Лондондағы жоғарғы сотқа Украинадан қарызын өтеуін сұрап шағымданды
Ресей Федерациясының қаржы министрлігі Лондондағы жоғарғы сотқа Украинадан қарызын өтеп алу үшін шағымданды. Украинамен жүргізілген келіссөздер нәтиже бермей отыр
Фото:
publika.md
«Бүгін Ресей қаржы министрлігі $3 млрд тұратын құнды қағаздар бойынша қарызын өтеп алу мақсатында Лондондағы жоғарғы сотқа арыз берді», - деді РФ қаржы министрі Антон Силуанов.
Сонымен қатар қаржы министрі «Украина Ресейден алған еурооблигация ресми несие болып табылады. Сондықтан бұл ұсынылған жағдайлар реттелуі керек.» деп атап өтті.
«Біз бірнеше рет Украинаның Ресей алдындағы қарызын төлеуді екі жақты реттеу керектігін айтқанбыз. Өкінішке орай, Украина ондай достық келіссөздерді жүргізуге дайын болмады. Сондықтан бұл мәселені шешудің жалғыз жолы - сот», - деді министр.
Сондай-ақ, ол «Ағылшын сотындағы сот ашық болады. Ресей Федерациясының несие беруші ретіндегі құқығын тәуелсіз соттар қорғайды», - деп айтты.
Следующая →