Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Ираннан ядролық бағдарламларға қатысты санкциялар алынды

Сенбінің кешінен бастап Ираннан Могерин және Зарифамен бірлескен ядролық бағдарламаларының санкциялары алынады

Новости мира / Политика в мире / C Ирана cнимаются санкции , связанные с его ядерной программой
Фото:
lragir.am
Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты мойнына алған халықаралық міндеттемелерді орындағандықтан, Батыс елдерінің Иранға қарсы салған санкциясы бүгіннен бастап алып тасталынады. Бұл туралы сенбі күні Венада Иран сыртқы істер министрі Жавад Зарифпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі мекемесінің басшысы Федерика Могерини мәлімдеді.

Еуропа Одағы мен Иран Тегеранның халықаралық міндеттемелерін орындағанын тану туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Осы кезге дейін халықаралық қауымдастық оқшау қалдырып келген Иран, санциялар алынған соң, шетелдік банктердегі оған тиесілі миллиардтаған долларға бағаланатын активтеріне қол жеткізіп, мұнайын экспортқа шығаруға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, ел экономикасы мен өнеркәсіпті технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға жол ашылады. Мәселен, Иран ең жаңа үлгідегі жолаушылар ұшағын сатып алуға ниетті екенін осыған дейін жариялап қойған. Бұл оның елдегі тозығы жеткен ұшақтарды жаңартудағы алғашқы қадамы болмақ.

Сонымен бірге, санкциялар алынған соң Иранға батыс елдері тарапынан кең көлемде – бірнеше ондаған миллиард доллардың инвестициялары салынады деген болжам айтылып отыр.

Иран мен АҚШ, Еуропа Одағы, Ұлыбритания, Франция, Германия және Ресейдің екі жарым жылға жалғасқан дипломатиялық жігерінің арқасында қазіргідей нәтижеге қол жеткізу мүмкін болды деп мәлімдеді сенбі күні Венада журналистер алдында сөйлеген сөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Ол келісімге қол жеткізуге жәрдем танытқаны үшін Швейцария мен Австрияға алғыс білдіріп, Иран делегациясының ұзаққа созылған келіссөз барысындағы маңызды рөлін атап өткен.

2015 жылы 15 шілдеде Иран мен әлемдік «алтылықтың» Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзі нәтижелі аяқталып, тараптар

келісім жасаған еді. Оған сәйкес, Иран өз аумағындағы ядролық нысандарға Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) тексерушілерін жіберуге, ал Батыс елдері, өз кезегінде, Иранға салынған санкцияларды біртіндеп алып тастауға міндеттеме алған.

Сенбі, 16 қаңтарда МАГАТЭ Иран үкіметі ядролық бағдарламасына қатысты мойнына алған халықаралық міндеттемелерді орындағаны туралы жариялаған.
Следующая →
Тақырыптар: ЕС Иран Заявление