Францияда энергияны үнемдеу мақсатында жаңа тыйымдар енгізілді
Энергетиканы қайта құру министрі ережелерді сақтамағандарға 750-ден 1500 еуроға дейін айыппұл салады деп атап өтті
Аньес Панье-Рюнаше енді елдегі мекемелерде бір уақытта есіктерді ашып, кондиционерді қосуға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости Journal du Dimanche газетіне сілтеме жасап.
Министр сондай-ақ көшелерде түнгі уақытта жарық жарнамасы өшірілетінін айтты.
Жабық есік ережесін сақтамағаны үшін адамдарға 750 евро, ал түнгі жарық жарнамасы үшін 1500 евро айыппұл салынады.
Энергетиканы қайта құру министрі Франция табиғи газға сұранысты төмендету мәселесінде Еурокомиссияны қолдайтынын атап өтті.