Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның қағидатты ұстанымын растады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің украиндық әріптесі Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде Украин астығын экспорттау жөніндегі үшжақты келісімге оң баға беріп, Украинадағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның қағидатты ұстанымын растады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
-
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның қолдауымен Түркияда қол жеткізілген украин астығын экспорттау жөніндегі үшжақты келісімге оң баға берді. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның Украинадағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты қағидатты ұстанымын растады,
Сонымен қатар, Президенттер 23 шілдеде атап өтілетін екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтауларымен алмасты.
Қасым - Жомарт Тоқаев осы кезеңде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті,-деп атап өтті баспасөз қызметі.
Телефон арқылы сөйлесу Украина тарапының бастамасымен өтті.