Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Кеше Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге Нара қаласында белгісіз адам оқ атқан еді

Новости мира / Политика в мире / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

- Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі. Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша отандастарыңызға қайғыра көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жапонияның бұрынғы премьер-министрі, Либерал-демократиялық партияның бұрынғы лидері Синдзо Абэге қастандық жасалған. Абэ Либерал-демократиялық партия атынан жоғарғы палатаға үміткерді қолдау іс-шарасына қатысып, жұрт алдында сөйлеп тұрғанда оған белгісіз ер адам екі мәрте оқ атқан.

Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол Тецуя Ямагами қаласының 41 жастағы тұрғыны екені, бұрын теңіз күштерінде қызмет еткенін хабарланды.

Жапондық Kyodo News басылымы Абэ премьер болып тұрғанда қауіпсіздік саласы бойынша жапон-америка одағын күшейтуге Жапонияның шетелдегі беделін биіктетуге барынша күш салғанын жазды.
Следующая →