Жапонияда Ресейден келетін импорттың үлесі артқан
Көрсеткіш 187,1 миллиард иенді (1,45 миллиард доллар) құрады, мұндай өсім энергия бағасының өсуіне негізделген
Ресейден Жапонияға Импорт сәуір айында 67,3 пайызға артты, деп хабарлайды РИА жаңалықтар сайты Жапонияның қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Сәуір айында Экспорт 69,3%-ға, яғни 23,77 миллиард иенге - 184,2 миллион долларға дейін төмендеді.
Сондай-ақ, осы айда 1979 жылдан бергі рекордтық импорт деңгейі - 8,92 триллион иен (69,1 миллиард доллар) тіркелді.
Егер өткен жылдың ұқсас көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, импорт 28,2%-ды құрады, ал экспорт 1979 жылдан бері көлемі бойынша екінші - 8,76 триллион иен болды. Өсім 12,5% құрады.
Алайда Жапонияның сыртқы сауда балансы құлдырауда қалды. Тапшылық 839 миллиард иенге жетті.