Қазақстан бірнеше елдің covid-19 вакцинациясы туралы сертификаттарын мойындады
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетовтың жаңа қаулысы бойынша тізімді Бразилия, Бельгия, Испания, Гонконг және Өзбекстан толықтырды
Қазақстан республика аумағында covid-19 вакцинациясы туралы сертификаттары жарамды елдердің тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетовтың жаңа қаулысы бойынша тізімді Бразилия, Бельгия, Испания, Гонконг және Өзбекстан толықтырды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 30 елде берілген вакцинация сертификаттары мен паспорттары танылған, оның ішінде: Аргентина, Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Индонезия, Шри-Ланка, Эквадор, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Белоруссия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Эстония, Канада, Черногория, Чехия және Жапония.
Қаулының толық мәтінімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.