Қазақстандық вакцинация паспорттары РФ-да жарамды ма?
Аталған мәселе ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ТМД, ЕАЭО алаңдарында бірнеше рет көтеріліп, талқыланды
Қазақстан мен Ресей жақын арада коронавирусқа қарсы вакцинациялау паспорттарын өзара тану туралы келісімге қол қояды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Айжан Есмағамбетова.
Келісім бар болғандықтан, екі тараптың да қызығушылығын ескере отырып, өте тез қол қойылды, - деді Есмағамбетова. - Формалды рәсімдер қалады.
Осы жылдың ақпан айында екі елдің денсаулық сақтау министрліктері вакцинация паспорттарын өзара тану алгоритмін келіскені туралы хабарланды.