Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мен Әзірбайжан өзара әуе рейстерінің санын арттырады

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ өкілі Әзербайжан тарапына Автомобильдік жүк тасымалын дамытуды ұсынды

Новости мира / Политика в мире / Казахстан и Азербайджан увеличат количество взаимных авиарейсов
Фото:
Устинка LIVE

ҚР ИИДМ мен Әзербайжан Республикасы цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері Баку қаласында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2022 жылға арналған жүк тасымалдарының күтілетін болжамды көлемін, темір жол учаскелері мен Каспий теңізі бойынша өткізу қабілетін, қосымша жүк ағындарын қайта бағдарлау үшін жағдайларды, сондай-ақ толассыз тариф белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT-шешімдерді қолдануға және маршрутта транзиттік жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік беретін "орта дәліз" деп аталатын және перспективалы бірлескен кәсіпорын құру мәселелерін талқылады. 

Бүгінгі таңда Транскаспий бағыты арқылы экспортқа жіберілетін екі миллион тонна қазақстандық жүк тасымалдауға дайын, - деп атап өтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.  

Бұдан басқа, ҚР ИИДМ өкілі Әзірбайжан тарапына ТХКБ-ға Автомобильдік жүк тасымалдарын бірлесіп дамытуды, сондай-ақ екі ел арасындағы авиарейстер санын ұлғайту туралы ұсынысты қарауды ұсынды. 

Бұл бастама АР цифрлық даму және көлік министрлігі басшысының оң пікірін білдірді, - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.  

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар транзитті дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруға қатысты шешім қабылдады.

Следующая →