Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Ақерке Рағызбаева
Ақпарат көзі:
Интерфакс

Өзбекстанда президент сайлауы мерзімінен бұрын өтеді

2016 жылдың жылдың қыркүйегінде елдің Тұңғыш Президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев сол жылдың желтоқсандағы сайлауда Президент болып сайланды

Өзбекстанда 24 қазанға жоспарланған президент сайлауына бейсенбіден бастап мерзімінен бұрын дауыс беру басталады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын өтетін сайлауға дауыс беру 14-20 қазан аралығында өтеді, - деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.

Оның мәліметінше, мерзімінен бұрын дауыс беру үшін сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясына өтініш беруі тиіс, онда сайлау күні болмау себебі (демалыс, іссапар, шетелге шығу) көрсетіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда алдын ала мәліметтер бойынша 21,2 миллионнан астам сайлаушы тіркелген, 10 мың 760 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ, азаматтар 49 елде дауыс бере алады, онда 55 стационарлық сайлау учаскесі мен 316 жылжымалы пункт ашылады.

ОСК мәліметінше, алдағы 24 қазанда Өзбекстан президентінің сайлауына 50 елден және ондаған халықаралық ұйымнан бақылаушылар қатысады деп күтілуде.

Хабарланғандай, ел ОСК 11-14 қыркүйекте елде тіркелген бес саяси партиядан кандидаттарды, яғни, Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеевті Либералды-демократиялық партиядан (УзЛиДеП), Экопарт жетекшілерінен, "Миллий тикланиш" демократиялық партиясынан (Ұлттық жаңғыру) және "Адолат" Социал-демократиялық партиясынан Нарзулло Обломуродов, Әлішер Қадыров және Бахрома Абдухалимова, сондай-ақ Халықтық Демократиялық партияның Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Мақсұд Варисовты (әділеттілік) тіркеу аяқтады.

Кандидаттардың үгіт-насихат науқаны 20 қыркүйекте басталды.

Елдің заңнамасына сәйкес Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттарды тек саяси партиялар ұсынады.

Өзбекстанда президент сайлауы бес жылда бір рет өткізіледі.

Айта кету кетек,Өздекстанның қазіргі Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев сол жылдың қыркүйегінде елдің Тұңғыш Президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін 2016 жылғы желтоқсандағы сайлауда Өзбекстан президенті болып сайланды.

Следующая →