Қазақстан Президенті Еуроодақ делегациясымен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы ЕО делегациясын елдегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО-ның Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмормен және ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакалмен Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы ЕО делегациясын еліміздегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. ЕО делегациясы Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру контекстінде Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығын құптап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы Ауғанстанға жәрдемдесу және ауған студенттеріне көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының кеңсесін орналастыру туралы шешімін ерекше атап өтті, - делінген хабарламада.
Гилмор әріптестікті одан әрі тереңдету үшін байланыстарды қолдаудың уақтылығы мен маңыздылығын атап өтіп, "Қазақстан Президентінің Брюссельге алдағы сапары екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең болады деген пікір білдірді деп атап өтті баспасөз қызметі.
Гилмор мен Хакала Президентке Алматыда ашылатын Орталық Азия - Еуропалық Одақ Азаматтық форумында Брюссельдің атынан шығатындарын хабарлады.