Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сайлауына қатысатын болады
2022-2024 жылдарға арналған кеңес құрамында 18 орынға үміткер 18 ел бар, оның ішінде бес мемлекет Азия-Тынық мұхиты өңірінен
Женевадағы БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі құрамындағы орынға Қазақстанның ұлттық өтінімінің таныстырылымы өтті, деп хабарлады Қазақстандық омбудсменнің баспасөз қызметі.
2022-2024 жылдарға арналған кеңес құрамында 18 орынға үміткер 18 ел бар. Азия-Тынық мұхит аймағы мемлекеттерінен бес ел - Үндістан, Қазақстан, Катар, Малайзия және БАӘ өтінім берді. Қазақстанның өтінімін премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді таныстырды, ол іс-шараға қатысушыларды жүргізіліп жатқан саяси реформалар, заңнамалық бастамалар, мемлекеттік міндеттер мен құқықтық-адамгершілік бағыттағы басымдықтар туралы хабардар етті.
Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова дауыс беруші елдер өкілдерінің назарын Қазақстанның саяси әлеуетінің тұрақтылығына, БҰҰ жүйелі бастамаларын ілгерілету перспективасына, құқық қорғау институттары мен азаматтық сектордың өңірлік әлеуетіне, БҰҰ институттарымен және органдарымен бірлесіп өңірлік және халықаралық жобалардағы тең әріптестіктің елдік әлеуетіне аударды. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлау нәтижелері 2021 жылдың қазан айының ортасында белгілі болады деп күтілуде.
* Адам құқықтары жөніндегі кеңес (АҚК) - БҰҰ жүйесінің үкіметаралық органы, 2006 жылғы наурызда құрылған, оның құрамына бүкіл әлем бойынша барлық адам құқықтарын көтермелеуге және қорғауға жауапты 47 мемлекет кіреді. АҚЖМС құзыретіне оқиғалар мен жағдайлардың тұрақты мониторингі, сондай-ақ осы саладағы елдерге көмек кіреді.
Следующая →

Тақырыптар:
Выборы в Совет ООН по правам человека Министр иностранных дел РК Мухтар Тлеуберди Уполномоченный по правам человека РК Эльвира Азимова ООН