АҚШ-тың бас прокуроры өлім жазасына мораторий жариялады
Джо Байден билік басына келгеннен бастап, оның әкімшілігі сайлау алдындағы уәдесін орындау үшін сот төрелігін қорғаушылар тарапынан қысым күшейіп келеді
АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд федералды деңгейде өлім жазасына мораторий жариялады.
Өлім жазасы туралы ақпарат орталығының (Death Penalty Information Center) мәліметі бойынша, биыл үш өлім жазасы орындалды. 2020 жылы 17 адам өлім жазасына кесілген болатын. Орталықтың дерегінше, 2020 жылдың қазан айында АҚШ-та өлім жазасына кесілгендердің саны 2,5 мыңнан асты.
Следующая →
- Әділет министрлігі федералды қылмыстық жүйеде әр адамға АҚШ конституциясы мен заңдарына сәйкес құқықтар ғана емес, сонымен бірге әділ және адамгершілік қарым-қатынас қамтамасыз етілетініне кепілдік беруі керек, - деді бас прокурор.Ескере кететін жайт, АҚШ-та өлім жазасына федералды деңгейде рұқсат етілген. Бірақ 23 штат, сондай-ақ ел астанасы мен Пуэрто-Рико жергілікті деңгейде ең жоғары жазадан бас тартты.
Өлім жазасы туралы ақпарат орталығының (Death Penalty Information Center) мәліметі бойынша, биыл үш өлім жазасы орындалды. 2020 жылы 17 адам өлім жазасына кесілген болатын. Орталықтың дерегінше, 2020 жылдың қазан айында АҚШ-та өлім жазасына кесілгендердің саны 2,5 мыңнан асты.
Тақырыптар:
Генеральный прокурор США Меррик Гарланд Мораторий на смертную казнь Правосудие и гуманность