Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге пандемия кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Ең алдымен Елбасы достық мемлекетаралық қатынастардың маңыздылығын және Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жақсы үлгі екенін атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
- Біздің байланысымыздың тарихы, яғни Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – тұрақты әрі мемлекетаралық қатынастың үлгісі болып саналады. Мен бұдан былай да осы бағытты ұстана беремін, - деді Елбасы. 
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентіне пандемия кезінде Қазақстанға көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қарағанды фармацевтикалық зауытында ресейлік вакцина шығару аясындағы тиімді әріптестіктің жайына тоқталды.

Владимир Путин коронавирус пандемиясының теріс әсеріне қарамастан екіжақты байланыс оң қарқын алып отырғанын атап өтті.
- Сіздің арқаңызда Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. Пандемия салдарынан тауар айналымы 4 немесе 5 пайыз төмендегеніне қарамастан, биылғы жылдың алғашқы жартысында 20 пайызға жуық өсім байқалып отыр. Бұл өзге бағыттар бойынша да біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы дамитынын көрсетеді, - деді Владимир Путин. 
Следующая →