Коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты Сербияда тәртіпсіздік орын алды
Коронавирустың таралуына байланысты ел билігі карантиндік шектеулер енгізуді шешті, бірақ мұндай шешімді халықтың бір бөлігі мақұлдамады
Белград қаласында коменданттық сағатты енгізуге қарсы наразылық білдіру үшін бірнеше мың тұрғын көшелерге шықты, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты. Тәртіп сақшыларына, тіпті, жас ағызатын газды қолдануға тура келді. Дегенмен, бұл адамдарды тоқтатпады, полицейлерге тастар мен файерлер лақтырылды. Ал радикалдардың бір бөлігі Парламент ғимаратын шабуылмен алуға шешім қабылдады.
Айта кетейік, бұған дейін, парламентке сайлау алдында, наурыздан бастап әрекет еткен шектеулер алынып тасталды. Бірақ сайлау өткеннен кейін індет нашарлап, билік тағы да карантиндік шараларды қайтаруды шешті.
Следующая →