Америка Венесуэла тұрғындарына қаржылай көмек көрсетпек
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео венесуэлалықтар мен босқындарға көмек ретінде 200 млн доллар аудармақ ниетте екендіктерін мәлімледі
Венесуэлаға арналған бұл көмек Мемлекеттік департамент, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі мен Америкааралық қордан бөлінеді, деп жазады РОСБАЛТ сайты.
АҚШ бөлген жалпы соманың 138 млн доллары гуманитарлық көмек сатып алуға жұмсалады. Ол Венесуэлада тұратындарға да, одан қашқандарға де жетеді.
2017 жылдан бері Штаттар Венесуэлаға 856 млн доллар сомамен көмектескен.