Оңтүстік Корея Кым Чен Ынның денсаулығына қатысты пікір білдірді
Солтүстік Корея басшысы 11 сәуірден бастап көпшілік алдына шықпады.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Чун-ин Мун Корей Халық-Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның "тірі және сау" екенін айтты. Бұл туралы Корреспондент.net сайты хабарлайды.
Оңтүстік Корея шенеунігі Fox News-ке берген сұхбатында Солтүстік Корея басшысы Вонсан куротында екенін мәлім етті.
Оның сөзінше, Солтүстік Корея басшысы теңіз жағалауындағы демалыс үйінде. Ол Кимнің өлгені туралы хабарларды жоққа шығарды.
Следующая →

– Біздің үкімет Ким Чен Ынның тірі және аман-сау екенін сеніммен айта алады, – деді Чун-ин Мун Fox News радиосына. – Ол 13 сәуірден бері Вонсан аймағында. Осы уақытқа дейін күдікті жағдайлар анықталған жоқ, – деді президент кеңесшісі.