Дональд Трампқа қолдау білдіргендер саны артқан
Американдық портал АҚШ тұрғындары ел президентінің қызметін қалай қолдайтындығын анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізді
Дональд Трампты халықтың 47,1%-ы дауыс берсе, 49,6% қолдамайтындықтарын білдірген, деп жазады РИА Новости сайты.
2017 жылдан бері Дональд Трамп АҚШ президенті қызметін атқарып келеді. Американдықтардың көп қолдауына президенттің коронавируспен күрес шаралары мен экономикалық тұрғыдан зардап шеккендерге көрсеткен көмегі себеп болған.
Ең қомақты қолдау 2 трлн доллар көлеміндегі қаржылай көмек. Президент одан өзге американдықтарға тікелей жәрдемақы беру және тұрғын үй арендасы бойынша төлемдерді қатыруды да көздеп отыр.
- АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш білдіргендер бір аптада 3,001 миллионға жеткен, - делінген хабарламада.